"ЕлОрда Арнау" ЖШС KZ2P00009996 (EOARb1) облигациялары
олардың жойылуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
15.08.24 17:23
/KASE, 15.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 тамызынан
бастап "Ел Орда Арнау" ЖШС " (Астана) KZ2P00009996 (KASE баламалы алаңы,
"облигациялар" санаты, EOARb1; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 05.09.23 –
05.09.26; жылдық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигациялары олардың
жойылуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 31 тамызынан бастап баламалы
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді.
Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 08 қыркүйегінен бастап ашылды.
[2024-08-15]