/KASE, 15.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 тамызынан
бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2C00011732 (KASE негізгі алаңы,
"коммерциялық облигациялар" санаты, CCBNb36; $10 000, $50,0 млн; 09.08.24-
09.02.25; 30/360) дисконттық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын
хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ
доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/ru/bonds/show/CCBNb36/
[2024-08-15]