16 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Банк ЦентрКредит"АҚ KZ2C00011732 (CCBNb36) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

15.08.24 17:20
/KASE, 15.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 тамызынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2C00011732 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, CCBNb36; $10 000, $50,0 млн; 09.08.24- 09.02.25; 30/360) дисконттық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/ru/bonds/show/CCBNb36/ [2024-08-15]