14 тамыздан бастап "BCC Invest" АҚ "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00011658 (JSBNb2) және KZ2C00011740 (JSBNb3) әлеуметтік облигациялары бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесіне ие болды

14.08.24 11:18
/KASE, 14.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 14 тамызынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы –"BCC Invest" АҚ (Алматы, тақырыбында – "BCC Invest" АҚ) оның өтініші негізінде " Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Алматы) келесі әлеуметтік облигациялары бойынша KASE-де маркет- мейкер мәртебесі берілді: - KZ2C00011658 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, JSBNb2); - KZ2C00011740 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, JSBNb3). [2024-08-14]