/KASE, 12.08.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 12 тамызында "Сейф-
Ломбард" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00011729 (MFSLb3, 1 000 теңге, 3,0
млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360)
облигацияларын баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE
ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 12 тамызынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFSLb3/
[2024-08-12]