"ТехноЛизинг" ЖШС-нің жалғыз қатысушысы 2023 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

09.08.24 11:50
/KASE, 09.08.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ТехноЛизинг" ЖШС (Астана) жалғыз қатысушының 2024 жылдың 01 тамызындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Жалғыз қатысушы келесі шешімдерді қабылдады: - 2023 жылдағы қызмет қорытындысы бойынша 150,0 млн теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуді жүзеге асыру; - таза пайданың қалған бөлігі компанияның дамуына толық көлемде жұмсалсын. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/THLZ/thlz_decision_sole_010824_934.pdf [2024-08-09]