"Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ акционерлері компанияның 2023 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекітті

07.08.24 12:12
/KASE, 07.08.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ (Ақтөбе) 2024 жылдың 25 шілдесінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2023 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2023 жылдағы 491 729 000 теңге мөлшеріндегі таза табыс компанияның иелігінде қалдырылсын. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі үш мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/AZNO/azno_special_shareholders_meeting_results_250724_302.PDF [2024-08-07]