07 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Apple Inc.US0378331005
(AAPL_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
07.08.24 10:00
/KASE, 07.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 07 тамызынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
12 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Apple Inc. (АҚШ)
US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 12 тамызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 14 тамызынан
бастап қайта басталады.
[2024-08-07]