/KASE, 05.08.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавл) жалғыз акционерінің
2024 жылдың 25 шілдесіндегі шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін;
- 2023 қаржы жылы үшін компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер
төлемеу туралы шешім қабылдау.
Осы ақпарат орналастырылыды –
https://kase.kz/files/emitters/SKEN/sken_decision_sole_250724_1831.pdf
[2024-08-05]