"Phystech II" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
01.08.24 11:06
/KASE, 01.08.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Phystech II" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 18 500 000 дана;
- компанияның 13 749 100 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитеті" ММ болып табылады.
[2024-08-01]