"Каспий нефть" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
30.07.24 16:19
/KASE, 30.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Каспий нефть" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Joint Resources" АҚ болып табылады.
[2024-07-30]