/KASE, 29.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 29 шілдесінден бастап Қостанай облысының
жергілікті атқарушы органының KZMJ00001923 облигациялары (1 000 теңге,
5 587 535 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360)
облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар"
секторына енгізілді.
Аталған облигацияларға KSK024_192 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/gsecs/show/KSK024_192/
[2024-07-29]