Қазақстан қор биржасында 26 шілде күні Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2,3 млрд теңге тартты

26.07.24 17:19
/KASE, 26.07.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды: - Атырау облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00001034 (ARK116_103; 1 000 теңге, 7 877 591 000 теңге; 15.07.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360) облигациялары 1,6 млрд теңгеге; - Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000994 (VKK117_099; 1 000 теңге, 8 611 235 000 теңге; 19.06.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360) 0,7 млрд теңгеге. Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында шығарылды. [2024-07-26]