26 шілде күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 шілдеде болатын KZKD00001244 (MUM084_0019) МЕУКАМ орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

26.07.24 15:45
/KASE, 26.07.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 30 шілдесінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ KZKD00001244 (MUM084_0019) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 37 145 475 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 93,5833 % (кірістілігі – жылдық 13,49%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 93,8323 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,43%). Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 шілдеде болатын және өтеуге дейінгі мерзімі 6,6 жыл KZKD00001244 (MUM084_0019) МЕУКАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/news/show/1526448/ [2024-07-26]