"Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан" АҚ акционерлері компанияның жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

26.07.24 12:46
/KASE, 26.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 19 шілдесінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2023 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекіту; - компанияның 2023 жылдағы 1 179 672 000 теңге мөлшеріндегі таза пайдасы бөлінбесін, компанияның жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтер есептелмесін және төленбесін. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі төрт мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ALTV/altv_special_shareholders_meeting_results_190724_554.pdf [2024-07-26]