/KASE, 25.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылғы
25 шілдедегі баспасөз релизін ұсынды, онда мыналар хабарланады:
дәйексөздің басы
"ҚазТрансОйл" АҚ-тың компаниялар тобы кеңейтілген жиын барысында
2024-жылдың I жартыжылдығындағы өндірістік қорытындыларын шығарды.
"ҚазТрансОйл" АҚ 2024 жылдың I жартыжылдығында мұнай тасымалдаудың
және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің шоғырландырылған көлемі 23 млн
218 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың I жартыжылдығындағы
көрсеткіштен 1 млн 86 мың тоннаға немесе 5%-ға артық.
2024 жылдың қаңтар-маусым айларында жеке "ҚазТрансОйл" АҚ
магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы 22 млн 265 мың тонна мұнай
тасымалдады, бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда
912 мың тоннаға немесе 4%-ға артық.
Есепті кезеңде "Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС мұнай құбырлары жүйесі
бойынша 9 млн 127 мың тонна мұнай тасымалданған, бұл 2023 жылғы
І жартыжылдық көрсеткішінен 161 мың тоннаға аз. Мұнайдың жүк айналымы
8 млрд 219 млн тоннакилометрді құрады, ол 2023 жылғы І жартыжылдық
қорытындысынан 112 млн тоннакилометрге аз.
2024 жылғы І жартыжылдықта "МұнайТас" СБҚК" ЖШС мұнай құбыры
бойынша тасымалданған мұнай көлемі 2023 жылғы сәйкес кезең деңгейінде
сақталып, 2 млн 735 мың тоннаны құраған. Мұнайдың жүк айналымы 15 млн
тонна-километрге артып, 1 млрд 117 млн тонна-километрді құрады.
"Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай
өнімдері және газды ауыстырып тиеу көлемі 953 мың тоннаны құрады, ол
2023 жылғы І жартыжылдық көрсеткішінен 175 мың тоннаға жоғары.
Қазақстанның Атырау және Маңғыстау тұтынушыларына "Астрахань-
Маңғышлақ" магистральдық су құбыры арқылы "Магистральдық
суағызғы" ЖШС 12 млн 745 мың текше метр тұщы су жеткізген. 2023 жылғы
І жартыжылдық көрсеткішімен салыстырғанда су жеткізу көлемінің төмендеуі
1 млн 362 мың текше метрді құрады.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_250724_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_250724_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_250724_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-07-25]