01 ТАМЫЗДАН БАСТАП KASE САЙТЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ НАРЫҚТЫҚ БАҒАЛАРЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ЖАРИЯЛАНАДЫ

25.07.24 12:50
KASE, 25.07.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 01 тамызынан бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) бағалы қағаздардың нарықтық бағаларын есептеуді және жариялауды "Бағалы қағаздардың нарықтық бағаларын есептеу әдістемесі" (Әдістеме) жаңа ішкі құжатына сәйкес жүргізеді. 01 тамыздан бастап нарықтық бағалар туралы ақпарат KASE интернет-ресурсында кесте форматында күнделікті негізде "Нарықтық бағалау" бөлімінде жарияланады – https://kase.kz/ru/documents/marketvaluation/ Көрсетілген күннен бастап KASE-нің интернет-ресурсында нарықтық бағалары бар XLS, TXT және XML форматтарындағы файлдарды орналастыру тоқтатылады. KASE өзінің ақпараттық өнімдері шеңберінде API арқылы бағалы қағаздардың нарықтық бағаларын автоматты түрде алуға жазылу мүмкіндігін ұсынады. Жазылымды жүзеге асыру үшін mds@kase.kz электрондық поштасына сұрау жіберу қажет. Әдістеме KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/market_valuation.pdf [2024-07-25]