23 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында US1729674242 (C_KZ) Citigroup Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.

22.07.24 17:29
/KASE, 22.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 23 шілдесiнен бастап , орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 06 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, American Electric Citigroup Inc. (АҚШ) US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 05 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 07 тамызынан бастап қайта басталады. [2024-07-22]