22 шілдеден бастап бастап Қазақстан қор биржасында Johnson&Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда- саттық тоқтатылады

19.07.24 15:57
/KASE, 19.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 шілдесiнен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 27 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Johnson&Johnson (АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 27 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 29 тамызынан бастап қайта басталады. [2024-07-19]