/KASE, 19.07.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін KASE сауда-саттық
жүйесінде "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (Алматы) KZ1C00000256
(KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, IFDR) жай акцияларын
орналастыру бойынша төменде берілген шарттарда (Астана қ. уақытымен)
арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
----------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: простые акции
ISIN: KZ1C00000256
KASE сауда-саттық коды: IFDR
Акциялардың жалпы саны, дана:
– тіркелген: 3 000 000
– орналастырылған: 568 199
------------------------------------------ ---------------------------------------
Сауда-саттық күні: 19.07.24
Орналастырудың жарияланған көлемі, 25 000
теңге:
Сауда-саттық мәні: акция бағасы
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–11:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–11:00
Кесім уақыты: 11:30 (Т+0)
Төлеу күні және уақыты: 19.07.24, 11:30
Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан төмен өтінімдер кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты қарсылама өтінімдердің бағалары
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру бойынша
тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау
кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Сентрас Секьюритиз" АҚ
----------------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде теңгемен көрсетілген бір акцияның құны үтірден кейінгі
екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде лот мөлшеріне тең немесе
еселенген акциялар саны көрсетілуі тиіс.
Өтінім көлемі өтінімде көрсетілген акциялар санының және өтінім бағасының
үтірден кейінгі екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен теңгемен көрсетілген
көбейтіндісіне тең.
Мәміле көлемі өтінімде көрсетілген акциялар санының және өтінім
бағасының теңгемен көрсетілген үтірден кейінгі екінші таңбаға дейінгі
дәлдікпен көрсетілген көбейтіндісіне тең.
Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның
қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем
уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/membership
Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/ru/shares/show/IFDR/
[2024-07-19]