16 шілде күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 18 шілдеде болатын МЕУКАМ KZKD00001244 (MUM084_0019) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

16.07.24 15:21
/KASE, 16.07.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 18 шілдесінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ KZKD00001244 (MUM084_0019) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 27 848 171 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 93,5270 % (кірістілігі – жылдық 13,50%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 93,5530 % құрады (кірістілік – жылдық 13,49 %). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 18 шілдеде болатын, өтеуге дейін мерзімі 6,6 жыл МЕУКАМ KZKD00001244 (MUM084_0019) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/news/show/1525014/ [2024-07-16]