"Эйр Астана" АҚ 09-12 шілде аралығында өз бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер туралы ақпарат берді

16.07.24 12:43
/KASE, 16.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 16 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесін KASE-ге ұсынды, онда былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Эйр Астана" АҚ (бұдан әрі – "Қоғам") 2024 жылғы 30 сәуірде жарияланған Акциялар мен ҒДҚ-ды сатып алу бағдарламасына сәйкес ("Бағдарлама") Қоғамның жай акцияларына ("Акциялар") қатысты құқықтарды куәландыратын ғаламдық депозитарлық қолхаттардың ("ҒДҚ") төменде көрсетілген санын Citigroup Global Markets Limited арқылы 2024 жылдың 9 және 12 шiлде аралығында (бұдан әрі – "есеп беру кезеңі") сатып алу туралы хабарлайды дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_160724_3.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_160724_2.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_160724_1.pdf – ағылшын тілінде. [2024-07-16]