KASE Листингілік комиссиясы "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00011674
(KAFIpp7) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша
KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
16.07.24 10:23
/KASE, 16.07.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 15 шілдесінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ" (Астана)
KZ2C00011674 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 7 жыл, жартыжылдық купон,
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу
қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларын
"Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы
шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға KAFIpp7 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-07-16]