15 шілдеден бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің KZ2P00011687 (MFRFb14) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

15.07.24 18:31
/KASE, 15.07.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2024 жылдың 12 шілдесінде "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің (Астана) KZ2P00011687 (MFRFb14; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 21,00%, 30/360) облигацияларын баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листинг комиссиясының бұл шешімі 2024 жылдың 15 шілдесінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/bonds/show/MFRFb14/ [2024-07-15]