2024 жылдың қаңтар-маусымы аралығында KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 1,6 трлн теңгені құрады

15.07.24 15:08
/KASE, 15.07.24/ – 2024 жылдың қаңтар-маусымы аралығында Қазақстан қор биржасында (KASE) корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 1 555,0 млрд теңгені құрады және 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 52,2%-ға өсті. Осыған дейінгі 2023 жылдың алты айлық кезеңімен (шілде-желтоқсан) салыстырғанда сауда-саттық көлемі 33,4%-ға өсті. Төмендегі кестеде 2024 жылы биржалық нарықтың көрсетілген секторындағы сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ 2023 жылдың салыстырмалы деректері (қайталама нарық секторында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер жасасуға болады) келтіріледі. --------------------------------------------------------- жылы, айы Бастапқы нарық Қайталама нарық* Жиынтығы* ---------- -------------- ------------------- ----------- 2024, I 451,9 60,0 511,9 2024, II 59,6 27,7 87,3 2024, III 94,5 20,4 114,9 2024, IV 49,1 62,8 111,8 2024, V 461,3 38,1 499,4 2024, VI 206,0 23,7 229,7 ---------- -------------- ------------------- ----------- Барлығы 1 322,3 232,6 1 555,0 ---------- -------------- ------------------- ----------- 2023, I-VI 741,7 279,6 1 021,3 тренд, % +78,3 -16,8 +52,2 --------------------------------------------------------- * репо операциялары нарығындағы мәмілелерді ескерусіз. [2024-07-15]