"Тойота Файнэншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің KZ2P00011596 (MFTFb3) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE листинг рәсімінен өтті

15.07.24 10:48
/KASE, 15.07.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2024 жылдың 12 шілдесінде "Тойота Файнэншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің KZ2P00011596 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 4 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листинг комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталған облигацияларды шығару "Тойота Файнэншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің 2023 жылдың 11 сәуірінде 100,0 млрд теңге сомасына тіркелген бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады. "Тойота Файнэншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға MFTFb3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат Листинг комиссиясының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-07-15]