/KASE, 11.07.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Банк "Bank RBK" АҚ (Алматы) KASE-ге
KZ2C00009835 (KASE негізгі алаңы," облигациялар " санаты, INBNb14; 1 000
теңге, 20,0 млрд теңге; 10 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 17,50%;
30/360) облигациялар шығару проспектісін Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылдың 05 шілдесінде
тіркеген өзгерістермен және бұрын берілгенін ауыстыратын облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ұсынды.
Аталған құжаттарға сәйкес:
- куәлік айғақ облигациялар бойынша төлем мерзімділігінің және сыйақы
мөлшерлемесінің түрі, саны, көлемі, айналыс мерзімі өзгеруіне
байланысты ауыстырылды;
- облигациялардың түрі облигацияларды қамтамасыз етусіз атаулы
купондық реттелген облигацияларға өзгертілді;
- облигациялар саны 20,0 млн данадан 17,0 млн данаға өзгерді;
- шығару көлемі 20,0 млрд теңгеден 17,0 млрд теңгеге өзгерді;
- айналым мерзімі 10 жылдан 9 жылға өзгерді;
- сыйақы төлеу мерзімділігі жылына екі реттен жылына бір ретке өзгерді;
- сыйақы мөлшерлемесі жылдық 17,50-ден 4,00%-ға өзгерді.
Аталған облигацияларды шығару проспектісі өзгертулермен мына сілтеме
бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/emitters/INBN/inbnf4__izm_.pdf
[2024-07-11]