10 шілдеден бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің US29874QFA76 (EBRDe26) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

10.07.24 10:27
/KASE, 10.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2024 жылдың 09 шілдесіндегі шешімімен Еуропалық қайта құру және даму банкінің US29874QFA76 ($3 050 млн; 25.01.24 – 25.01.29; жартыжылдық купон, жылдық 4,125%; 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді. Көрсетілген облигацияларға рұқсат берудің бастамашысы – "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы). Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 10 шілдесінен бастап күшіне енеді. KASE-де осы облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталған облигацияларға EBRDe26 (сауда коды) қысқартылған белгісі берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/bonds/show/EBRDe26/ [2024-07-10]