10 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011398 (MFRFb13) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

09.07.24 14:42
/KASE, 09.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 10 шілдесінен бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00011398 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты; MFRFb13; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 05.07.24-05.07.27; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFRFb13/ [2024-07-09]