/KASE, 09.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен)
компанияның 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша
аудиторлық есебін KASE-ге ұсынды.
2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
----------------------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.23 31.12.22
---------------------------------- ----------- -----------
Меншікті капитал 50 112 857 47 193 350
Жиынтық активтер 198 656 827 180 804 852
Жиынтық міндеттемелер 148 543 970 133 611 502
Сату көлемі 81 790 472 75 626 462
Жалпы табыс 22 044 683 27 980 575
Таза пайда (таза шығын) 4 070 867 6 691 712
Жай акцияның баланстық құны, теңге 24 378 22 698
ROA, % 2,05 3,70
ROE, % 8,12 14,08
ROS, % 4,98 8,85
----------------------------------------------------------
Компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін
"Moore Kazakhstan" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес
шоғырландырылған қаржылық есептілік барлық маңызды аспектілерде
"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ мен оның еншілес
кәсіпорындарының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша
шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың
шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ға сәйкес
көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының
шоғырландырылған қозғалысын анық көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/UTMK/utmkf6_2023_cons_rus.pdf
[2024-07-09]