"Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС KZ2P00008386 (MFACb1) облигациялары
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылды
09.07.24 10:08
/KASE, 09.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 шілдесінен
бастап "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС (Шымкент) KZ2P00008386 (KASE баламалы алаңы,
"облигациялар" санаты, MFACb1; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 07.07.22 –
07.07.24; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигациялары айналым
мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алып тасталғаны
туралы хабарлайды.
Аталған облигациялар 2022 жылдың 07 ақпанынан бастап баламалы алаңның
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен
сауда-саттық 2022 жылдың 08 шілдесінен бастап ашылды.
[2024-07-09]