"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 6 700 KZ2C00009405 (BRKZb30) облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық 05 шілдеден 09 шілдеге ауыстырылды

05.07.24 15:45
/KASE, 05.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) KZ2C00009405 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, BRKZb30) облигацияларын орналастыру бойынша арнапйы мамандандырылған сауда-саттық сауда-саттық өткізу бастамашысының өтініші негізінде 2024 жылдың 05 шілдесінен 09 шілдесіне ауыстырылды. --------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00009405 KASE сауда-саттық коды: BRKZb30 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: – тіркелген: 50 000 000 – орналастырылған: 43 300 000 Айналыстың басталу күні: 26.04.24 Айналыста болудың соңғы күні: 25.04.25 Өтеудің басталу күні: 26.04.25 Айналымда болу мерзімі: 360 күн Купон мөлшерлемесі: жылдық 5,50 % Купонды төлеу кезеңділігі: жылына 2 рет Купонды төлеуді бастау күні: 2024 жылдың 26 қазанында 2025 жылдың 26 сәуірінде Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------ -------------------------------- Сауда-саттық күні: 05.07.24 Өтеуге дейін мерзімі: 291 күн Орналастырудың жарияланған көлемі, 6 700 000 теңге: Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–13:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–13:00 Кесім уақыты: 14:30 (Т+0) Төлеу күні және уақыты: 05.07.24, 14:30 Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе одан төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ --------------------------------------------------------------------------- Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/membership Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/BRKZb30/ [2024-07-05]