KASE "Отбасы банк" АҚ Басқармасының Төрайымы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен KASE Talks өткізді

05.07.24 12:27
/KASE, 05.07.24/ – 2024 жылдың 03 шілдесінде Қазақстан қор биржасы (KASE) "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқармасының Төрайымы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен KASE Talks өткізді. KASE Talks жүргізушісі – KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов. Іс-шара барысында Ермек Мәжекенов пен Ләззат Ибрагимова "Отбасы банк" АҚ-ның тұрғын үй бағдарламаларының операторы ретіндегі қызметін, оның ішінде жас отбасыларды қолдауға бағытталған "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларын іске қосуды талқылады. Сондай-ақ келесі тақырыптар қозғалды: білім беру депозиттері туралы; гендерлік теңдікті ілгерілету шеңберінде гендерлік ипотеканы іске қосу туралы; жақын арада өтетін "Отбасы банк" АҚ жаңа облигацияларын шығару туралы; банктің жұмысына ESG-қағидаттарын енгізу туралы; жаңа технологиялық шешімдер туралы, оның ішінде мобильді қосымшаны жетілдіру жөніндегі жоспарлар туралы Baspana market жылжымайтын мүлік порталының артықшылықтары туралы. KASE 2018 жылдан бастап қаржы нарығы мен тұтастай Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлер мен бизнесмендердің қатысуымен KASE Talks дәрістерін өткізеді. [2024-07-05]