05 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында 2024 жылдың тамызында және 2025 жылдың маусымында орындалатын фьючерстермен сауда саттық ашылады

05.07.24 10:50
/KASE, 05.07.24/ – 2024 жылдың 05 шілдесінен бастап Қазақстан қор биржасында (KASE) келесі жеткізілмейтін фьючерстермен сауда-саттық ашылады: - 2025 жылдың маусымында орындалатын "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына; - 2025 жылғы маусымда орындалатын "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акцияларына; - 2025 жылдың маусымыында орындалатын KASE Индексіне; - 2025 жылдың маусымында орындалатын АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамына; - 2024 жылдың тамызында және 2025 жылдың маусымында орындалатын теңгеге Ресей рублінің бағамына. Осылайша, 2024 жылдың 05 шілдесінен бастап KASE-де келесі фьючерстік келісімшарттармен сауда-саттық қолжетімді болады: ----------------------------------------------------- № Сауда- Саудасаттықтың р/с Коды саттықтың аяқталуы басталуы (орындау күні) ------- -------------- ------------ ----------------- "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына фьючерстер ------- -------------- ------------ ----------------- 1 HSBK-9.24 05.10.23 19.09.24 2 HSBK-12.24 05.01.24 19.12.24 3 HSBK-3.25 05.04.24 20.03.25 4 HSBK-6.25 05.07.24 19.06.25 ----------------------------------------------------- "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ жай акцияларына фьючерстер ----------------------------------------------------- 5 KZAP-9.24 05.10.23 19.09.24 6 KZAP-12.24 05.01.24 19.12.24 7 KZAP-3.25 05.04.24 20.03.25 8 KZAP-6.25 05.07.24 19.06.25 ----------------------------------------------------- KASE Индексіне фьючерстер ----------------------------------------------------- 9 KX-9.24 05.10.23 19.09.24 10 KX-12.24 05.01.24 19.12.24 11 KX-3.25 05.04.24 20.03.25 12 KX-6.25 05.07.24 19.06.25 ----------------------------------------------------- АҚШ долларының теңгеге бағамына фьючерстер ----------------------------------------------------- 13 US-9.24 05.10.23 19.09.24 14 US-12.24 05.01.24 19.12.24 15 US-3.25 05.04.24 20.03.25 16 US-6.25 05.07.24 19.06.25 ------- -------------- ------------ ----------------- Теңгеге рубль бағамына фьючерстер ----------------------------------------------------- 17 RU-7.24 05.06.24 18.07.24 18 RU-8.24 05.07.24 15.08.24 19 RU-9.24 05.10.23 19.09.24 20 RU-12.24 05.01.24 19.12.24 21 RU-3.25 05.04.24 20.03.25 22 RU-6.25 05.07.24 19.06.25 ----------------------------------------------------- KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қ. уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда- саттық бойынша клирингілік сессия – Астана қ. уақытымен 20:30-дан 21:00- ге дейін өткізілетінін еске салады. Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа KASE деривативтер нарығының клирингтік қатысушылары қатыса алады, олардың тізімі KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/ru/clearing/members/ KASE фьючерстерінің сауда-саттық нәтижелері мына сілтеме бойынша жарияланады http://kase.kz/ru/futures/ KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда- саттықтар" – "Деривативтер" қалташасы). [2024-07-05]