"Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Групп)" ЖШС KZ2P00011604
(CLSGb4) және KZ2P00011612 (CLSGb5) облигациялары баламалы
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг
процедурасынан өтті
04.07.24 17:19
/KASE, 04.07.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 04 шілдесінде "Capital Leasing Group (Капитал
Лизинг Груп)" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын баламалы алаңының
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады:
- KZ2P00011604 (1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу
қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда-саттық
коды – CLSGb4;
- KZ2P00011612 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу
қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда-саттық
коды – CLSGb5.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары тиісінше 10,0 млрд теңге
сомасына 2023 жылдың 30 маусымында тіркелген "Capital Leasing Group
(Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы
шегінде үшінші және төртінші болып табылады.
"Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі
"Фридом Финанс" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-07-04]