"аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011505 (MFAFb6) және
KZ2P00011513 (MFAFb7) облигациялары баламалы алаңның
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг
процедурасынан өтті
03.07.24 10:10
/KASE, 03.07.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2024 жылдың 02 шілдесінде "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС
(Алматы) келесі облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық
облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады:
- KZ2P00011505 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 12 ай; тоқсандық купон,
жылдық 22,00 %; 30/360);
- KZ2P00011513 ($100, $4,0 млн; 12 ай; тоқсандық купон, жылдық 12,00 %; 30/360).
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға сәйкесінше MFAFb6 және MFAFb7 қысқартылған
белгілері (сауда-саттық кодтары) берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2024-07-03]