01 шілдеден бастап "ҚазТрансОйл" АҚ еншілес компаниясының су беруге арналған тарифтері өсті

02.07.24 10:34
/KASE, 02.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 01 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес "Магистральды суағызғысы" ЖШС (қатысу үлесі 100 % "ҚазТрансОйл" АҚ-ға тиесілі) тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, магистральдық құбырлар арқылы сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметіне жаңа тарифтер енгізеді. 2024 жылдың 1 шілдесінен 2025 жылдың 30 маусымына дейін өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да коммерциялық ұйымдар үшін тариф 1 400 теңге/куб.м құрап, 104,8%-ға өсті; 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін – 1 450 теңге/куб.м, немесе 3,6%-ға өсті; 2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 30 маусымға дейін – 1500 теңге/куб.м, немесе 3,4%-ға өсті; 2027 жылғы 1 шілдеден 2028 жылғы 30 маусымға дейін – 1 550 теңге/куб.м, 3,3%-ға өсті; 2028 жылғы 1 шілдеден бастап 2029 жылғы 30 маусым – 1600 теңге/куб.м, өсім 3,2% құрады. 2024 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 30 маусымға дейін мұнай және газ өндіруші кәсіпорындар үшін тариф 21%-ға өсіп, 2 472,99 теңге/куб.м құрайды; 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін – 2 922,90 теңге/куб.м, немесе 18,2%-ға өсті; 2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 30 маусымға дейін – 7,1%-ға өсіп, 3 130,33 теңге/куб.м құрады; 2027 жылғы 1 шілдеден 2028 жылғы 30 маусымға дейін – 4 132,03 теңге/куб.м, немесе 32%-ға өсті; 2028 жылғы 1 шілдеден 2029 жылғы 30 маусымға дейін – 3 521,41 теңге/куб.м, немесе 14,8%- ға төмендеді. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2029 жылғы 30 маусымға дейін халыққа, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға, сондай-ақ халыққа, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызметтер көрсететін басқа да кәсіпорындар үшін тариф 30 теңге/м³ құрады, немесе 66,3%-ға өсті. 2024 жылдың 1 шілдесінен 2029 жылдың 30 маусымына дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тариф 100 теңге/куб.м құрап, 53,9%-ға өсті. дәйексөздің соңы Баспасмөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_010724_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_010724_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_010724_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-07-02]