Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010857 (EABRb44) облигациялары
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
02.07.24 09:22
/KASE, 02.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
02 шілдесінен бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010857
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb44;
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 23.01.24 – 02.07.24; actual/365) дисконттық
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2024 жылдың 17 қаңтарынан
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 02 ақпанынан бастап ашылды.
[2024-07-02]