"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

01.07.24 17:35
/KASE, 01.07.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) жалғыз акционердің 2024 жылдың 21 маусымындағы шешімімен компанияның Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілгенін KASE-ге хабарлады: - шығарылды: Иргалиев А.А.; - сайланды: Жамаубаев Е.К. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады: Бектенов О.А., Жәмішев Б.Б., Лука Сутера, Байбазаров Н.С., Жақыпов Н.К., Жамаубаев Е.К., Мохаммед Джамиль Аль Рамахи. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkz_board_changes_210624_4078.pdf [2024-07-01]