А. Ш. Куздибаев "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды

28.06.24 16:55
/KASE, 28.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ (Астана) жалғыз акционердің 2024 жылдың 19 маусымындағы шешімімен компанияның Басқарма Төрағасы болып А. Ш. Куздибаев сайланғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерістің нәтижесінде "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ Басқармасы төрт адамнан құралды: А. Ш. Куздибаев, О. С. Жолдасбаев, О. Ж. Салықов, Р. М. Исаев. Ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KZIK/kzik_board_changes_190624_10316.pdf [2024-06-28]