01 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035 (PFE_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

28.06.24 14:53
/KASE, 28.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 шілдесiнен бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 26 шілдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Pfizer Inc. (АҚШ) US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 26 шілдесiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 29 шілдесiнен бастап қайта басталады. [2024-06-28]