01 ШІЛДЕДЕН БАСТАП KZGB_CPm1m ЖӘНЕ KZGB_DPm1m ИНДЕКСТЕРІН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨКІЛДІК ТІЗІМ МБҚ 63АТАУЫНАН ТҰРАДЫ

27.06.24 09:41
/KASE, 27.06.24/ – 2024 жылдың 01 сәуірінен бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының мынадай индекстері мен көрсеткіштерін (МБҚ) есептеуге және жариялауға кірісті: 1) KZGB_CPm1m (more than one month) – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін өтеу мерзімі 31 күннен және одан жоғары МБҚ-ның "таза" бағаларының баға индексі; 2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күннен асатын МБҚ жиынтық табысының баға индексі (есептелген, төленген купондық төлемді ескере отырып); 3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызбен; 4) индекстің дюрациясы, жылдармен; 5) индекстің түрлендірілген дюрациясы. 2024 жылдың шілдесіндее көрсетілген индекстерді есептеу үшін өкілдік тізім 2024 жылдың 26 маусымы күні кешке қалыптасқан МБҚ параметрлері бойынша қалыптастырылды (осы тізім күшіне енген күнге дейін үш жұмыс күні бұрын). Бұл тізім өзгермейді және МБҚ 63 атауынан тұрад. Өкілдік тізім 2024 жылдың 01 шілдесінде мына бетте жарияланады https://kase.kz/ru/stock_market/ (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m бөлімі). [2024-06-27]