/KASE, 26.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KASE-ге
компанияның 2023 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық
есептілігінің аудиторлық есебін ұсынды.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы аудиттелген деректерге негізделген
(егер басқасы көрсетілмесе, мың теңгемен):
----------------------------------------------------------
31.12.23 31.12.22
Көрсеткіш
------------------------------ ------------- -------------
Меншікті капитал 238 086 304 152 673 227
Жиынтық активтер 2 630 277 270 1 564 103 997
Жиынтық міндеттемелер 2 392 190 966 1 411 430 770
Таза пайда (таза шығын) 56 843 724 40 451 593
Акцияның баланстық құны, теңге 18 242 14 299
ROA, % 2,16 2,59
ROE, % 23,88 26,50
----------------------------------------------------------
Компанияның 2023 жылға арналған қаржылық есептілігінің аудитін
"Делойт" ЖШС жүргізді. Аудиторлық есепке сәйкес, шоғырландырылған
қаржылық есептілік "Фридом Финанс" АҚ және оның еншілес ұйымдарының
2023 жылдың 31 желтоқсанындағы шоғырландырылған қаржылық жағдайын,
сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ХҚЕС-
ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы шоғырландырылған ақша
ағындарын барлық маңызды аспектілерде әділ көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланған –
https://kase.kz/files/emitters/FFIN/ffinf6_2023_cons_rus.pdf
[2024-06-26]