"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ үш компанияның 50 % үлесіне ие болды

26.06.24 11:20
/KASE, 26.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) 2024 жылдың 24 маусымынан бастап "Көкшетау ЖЭО" ЖШС, "Семей Энерго" ЖШС және "Өскемен Энерго" ЖШС жарғылық капиталдарына қатысудың 50 % үлесіне ие болғандығы туралы KASE-ге хабарлады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkz_list_org_shares_240624_3941.pdf [2024-04-26]