2024 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНДАҒЫ KASE САУДА-САТТЫҚ РЕГЛАМЕНТІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

26.06.24 10:32
/KASE, 26.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2024 жылдың шілдесіндегі KASE сауда-саттықтарының регламентіне мынадай өзгерістер енгізілетінін хабарлайды. 01 шілдеде Қытай Халық Республикасында мереке күніне байланысты келесі құралдармен сауда-саттық өткізілмейді: - CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD; - CNYKZT_TOM, USDCNY_TOM, EURCNY_TOM; - CNYKZT_SPT, USDCNY_SPT, EURCNY_SPT; - CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002. 04 шілдеде АҚШ-тағы мереке күніне байланысты келесі құралдармен сауда-саттық өткізілмейді: - USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDCNY_TOD; - USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, USDKZT_0_01W, USDKZT_0_01M, USDKZT_0_03M, USDKZT_0_06M, USDKZT_0_01Y; - шетелдік эмитенттер шығарған және АҚШ долларымен есеп айырысумен саудаланатын ETF акциялары мен бағалы қағаздары. 08 шілдеде Қазақстанда мереке күніне байланысты сауда-саттық өткізілмейді, Қазақстанның қаржы нарықтары жабылады. Сауда-саттық регламенті және ақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_ASTS.pdf [2024-06-26]