26 маусымға жоспарланған "Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы" АҚ KZ2C00007409 (KZIKb34) 65,0 млн облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық тоқтатылды

25.06.24 17:53
/KASE, 25.06.24/ – "Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы" АҚ (Астана) 65,0 млн KZ2C00007409 облигацияларын (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb34) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттықтарды өткізудің бастамашысы болып табылатын "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасын (KASE) 2024 жылдың 26 маусымына жоспарланған мамандандырылған сауда-саттықтардың күшін жою туралы хабардар етті. [2024-06-25]