26 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының бес шығарылымымен сауда саттық ашылады

25.06.24 17:34
/KASE, 25.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 26 маусымынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды: 1) US91282CFQ96 (US_38_2410; $41 995,0 млн; 31.10.22 – 31.10.24; жарты жылдық купон, жылдық 4,375 %; actual/actual); 2) US91282CHV63 (US133_2508; $49 664,0 млн; 31.08.23 – 31.08.25; жарты жылдық купон, жылдық 5,00 %; actual/actual); 3) US91282CJB81 (US134_2509; $47 996,0 млн; 02.10.23 – 30.09.25; жарты жылдық купон, жылдық 5,00 %; actual/actual); 4) US91282CJL63 (US135_2511; $54 626,0 млн; 30.11.23 – 30.11.25; жарты жылдық купон, жылдық 4,875 %; actual/actual); 5) US9128284F40 (US_56_2503; $34 108,0 млн; 02.04.18 – 31.03.25; жарты жылдық купон, жылдық 2,625 %; actual/actual). KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/US_MF/ [2024-06-25]