"Қазақстандық Тұрғын Үй Компаниясы" АҚ 25,0 млн KZ2C00007854 (KZIKb37) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық 25 маусымнан 26 маусымға ауыстырылды

25.06.24 09:16
/KASE, 25.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: "Қазақстандық Тұрғын Үй Компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00007854 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb37) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық сауда- саттыққ бастамашысының өтініші бойынша 2024 жылдың 25 маусымынан 26 маусымына ауыстырылды. Мамандандырылған сауда-саттықты өткізудің қалған шарттары өзгеріссіз қалды ---------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00007854 KASE сауда-саттық коды: KZIKb37 Номиналды құны, теңге: 1 000 Шығарылым көлемі, теңге: – тіркелген: 25 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады Айналымда болу мерзімі: 6 жыл (2 160 күн) Купон мөлшерлемесі: 4,05 % Купонды төлеу кезеңділігі: жылына 2 рет Купонды төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------ --------------------------------- Сауда-саттық күні: 26.06.24 Орналастырудың жарияланған көлемі, 25 000 000 000 теңге: Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: купон мөлшерлемесі Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 14:00–15:00 Өтінімдерді растау уақыты: 14:00–15:00 Кесім уақыты: 16:30 (Т+0) Төлеу күні және уақыты: 26.06.24, 16:30 Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе одан төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты кесімдеу бағасы бойынша шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы ""Halyk Finance" АҚ ---------------------------------------------------------------------------- Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгісіне дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/membership Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/KZIKb37/ [2024-06-25]