KASE Басқармасы "Автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо операцияларының маманданымына енгізілген түзетулерді бекітті

24.06.24 14:02
/KASE, 24.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2024 жылдың 21 маусымындағы шешімімен 2024 жылдың 21 маусымынан бастап қолданысқа енгізілген "Автоматты "тәсілмен" жүзеге асырылатын репо операцияларының маманданымы" (Маманданым) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 6 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулермен Қазақстан Республикасының осы ұйымның капиталындағы үлесінің мөлшері кемінде 30 % құраған жағдайда, халықаралық қаржы ұйымы шығарған борыштық бағалы қағаздарды ОК-сыз МБҚ қоржынына енгізу көзделген. Спецификацияның жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-саттық" – "Репо операциялары" қалташасы). [2024-06-24]