KASE "Home Credit Bank" АҚ арналған "Эмитент күні" іс-шарасын өткізді

24.06.24 12:42
/KASE, 24.06.24/ – 2024 жыллдың 21 маусымында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент күні" жобасы шеңберінде "Home Credit Bank" АҚ басшылығының инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесуін өткізді. Кездесу барысында "Home Credit Bank" АҚ өкілдері банктің және оның акционері – PPF Group-тың қаржылық нәтижелері, сондай-ақ бизнестегі тәуекелдер, Банктің өнім желісі, өткен жылы іске қосылған ШОБ үшін қосымша, банк облигацияларын шығару және орналастыру параметрлері туралы айтып берді. Іс-шара аясында Қазақстанның жетекші қаржы сарапшыларының қатысуымен "2024 жылы Қазақстанның макроэкономикасы және инвестициялық нарығы" тақырыбында панельдік пікірталас өтті. [2024-06-24]